18:01, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Швейцария Конфедерациясының Қазақстандағы Елшісі Семейде жұмыс сапарында болды
СЕМЕЙ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Швейцария Конфередерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефан Неллер екі күндік жұмыс сапарымен Семейде болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Мәртебелі қонақ қалада болған кезінде перинатальдық орталықтың жұмысымен танысты, бірнеше балабақшаларда және әлеуметтік сала мекемелерінде болды. Семей әкімінің орынбасары Серікқали Оразалиевте болған кезінде Елші ядролық полигон 40 жыл ішінде қандай зардаптар әкелгенін естіп таңғалды, ол Семей жөнінде алғаш рет радиодан жасөспірім кезінде естігенін айтты, онда жергілікті халыққа мұнша нәубет әкелгенін білмеген болатын.Стефан Неллер Елшілік қызметкерлері аймақтың әлеуметтік мекемелеріне аз да болса қайырымдылық көмек көрсететінін жеткізді.
Швейцарияның Семеймен ынтымақтастығы мұнымен бітпейді. Елшінің пікірінше аймаққа инвестиция салудың жақсы мүмкіндіктері бар. «Бұл үшін біз өңірдің экономикасын жақсылап зерделеуге тиіспіз», - деді Стефан Неллер.