Швейцариядағы көптеген иммигранттардың елдің қоғамымен ықпалдасуға ниеті жоқ - экс-депутат Кристиан Миш

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Х Еуразиялық медиа форумның екінш күніндегі мәжіліс барысында Швейцария Парламентінің бұрынғы депутаты Кристиан Миш мәлім етті.
«Өздеріңіз білесіздер, Швейцария шағын мемлекет. Бізде 4 түрлі мәдениет бар, елімізде 4 түрлі тілде сөйлейді, яғни Швейцарияның итальяндық бөлігі, француздық, неміс және роман бөлігі шоғырланған. Атап айтқанда, бұны біз проблема деп санамаймыз, керісінше оны басымдық ретінде ескеріп өткен жөн»,-деп атап өтті ол.
«Швейцарияда қазіргі кезде күрделі проблема бар. Ұзақ мерзімді уақыт бойында біз иммигранттар үшін тартымды жер болып келдік. Яғни, осы орайда саяси пана іздеген адамдар үшін де. Көші-қон ағыны тұрғысында біздің ашықтық гуманитарлық дәстүрді қалыптастырды»,-деді К. Миш.
Оның сөзінше, шетелдіктердің 23 пайызы аталған елде өмір сүріп жатыр. «Көптеген иммигранттардың біздің қоғамға сіңісуге, ықпалдасуға, сондай-ақ біздің дәстүрге сыйластықпен қарауға ниеттері жоқ»,-дейді экс-депутат.