20:55, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Швейцарияның Астанадағы Елшілігі 2009 жылғы наурыздың 10-ынан бастап өз жұмысын бастайды
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат – Швейцария Үкіметі қабылдаған шешім ауқымында Қазақстан Республикасының елордасы – Астанада жаңа елшілік ашылуына байланысты Швейцарияның Алматыдағы бас консулдығы сәрсенбі күні – ақпанның 25-інде өз жұмысын тоқтатады.
Бұл туралы ҚазАқпарат Швейцария Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Швейцарияның Астанадағы Елшілігі 2009 жылғы наурыздың 10-ында, сейсенбі күні өз жұмысын бастайды және жаңа мекенжай бойынша барлық дипломатиялық, консульдық және әкімшілік қызметтерін көрсетеді. Швейцарияның Астанадағы Елшілігінің құзырына аймақтық жағынан Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы кіреді. Швейцарияның Астанадағы Елшілігі екі елдің тұрғындары үшін шенген визаларын рәсімдеуді қоса алғанда барлық қызмет түрін жүзеге асырады. Швейцарияның Астанадағы Елшілігі 2009 наурыздың 10-ынан бастап қабылдау үшін ашық. Мекенжайы мен байланыс нөмірлері: Швейцария Елшілігі, Космонавтар көшесі, 62, 8 қабат, «Шұбар» шағынауданы, 010000, г.Астана Тel.: +7 7172 97 98 92, Тel.: +7 7172 97 98 93, Fax: +7 7172 97 98 94. Виза бөлімі: Тel: +7 7172 97 98 95 Fax: +7 7172 97 98 96. Email: [email protected] www.eda.admin.ch/almaty.