Швейцария Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарына қосылды

Швейцария олимпиадалық комитеті 2030 немесе 2034 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарына қосылды, деп хабарлайды Kazinform.

Швейцария
Фото: Рixabay.com

Швейцария бұдан бұрын 1928 және 1948 жылдарда Қысқы Олимпиада ойындарын қабылдаған еді.

Қараша айында Швеция үкіметі 2030 жылғы Олимпиаданы өткізуге өтініш білдіретінін нақтылады.

Сондай-ақ, одан бұрын Франция олимпиада комитеті де осындай ұсыныс білдіретінін жариялаған еді.

Ал қараша айында Жапонияның Саппоро қаласының 2030 жылғы Олимпиаданы ұйымдастыруға ниет танытып, артынан ол өтінішінен бас тартты. Дегенмен 2034 жылғы Олимпиаданы өткізуге үміткер ретінде өз орнын сақтап қалды.

Айта кетсек, 2026 жылғы Қысқы Олимпиада Италияның Милан и Кортина‑д’Ампеццо қаласында өткізіледі.

2030 және 2034 жылдардағы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізетін елдердің анықтау 2024 жылғы Франция астанасы Париж қаласында болатын Халықаралық Олимпиада Комитетінің сессиясында анықталады.

Соңғы жаңалықтар