Швейцария президенті елге миллиардтаған шығын келтірді деп айыпталып отыр
АСТАНА. KAZINFORM — Швейцария Президенті Карин Келлер-Зуттердің АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен 31 шілдеде жүргізген телефон арқылы сөйлесуі ел үшін миллиардтаған долларлық кедендік шығынға айналды, деп хабарлайды Tages-Anzeiger.

Келлер-Зуттер осы келіссөз барысында АҚШ пен Швейцария арасындағы сауда тапшылығын түсіндіріп, кедендік баж салығын 10%-ға дейін төмендету туралы келісімге келуге тырысқан.
Алайда Трамп бұл әрекетті «өзіне ақыл айту» деп қабылдап, жеңілдік жасау орнына, Швейцарияға 39%-дық тариф енгізетінін жариялаған. Бұл әлемдегі ең жоғары кедендік баждардың бірі.
Швейцария Үкіметінде Келлер-Зуттер аңғалдық үшін айыпталып отыр.
5 тамыз күні Швейцария президенті бастаған делегация Вашингтонға шұғыл түрде аттанып, АҚШ-пен сауда келіссөздерін қайта бастауға ниетті.
Еске салсақ, бұған дейін Дональд Трамп ондаған елге қатысты кедендік баж салығын көтергенін мәлімдеген болатын. Жаңа тарифтер 10%-дан 41%-ға дейін ауытқиды.
Ең жоғары тарифтер енгізілген елдер қатарында:
Сирия — 41%
Лаос пен Мьянма — 40%
Швейцария — 39%
Жаңа баж салығы бейсенбі күні күшіне енеді.
Айта кетелік Швейцариялық ғалымдар сиыр етінің баламасын жасап шығарған еді.