Швейцарияда Украина бойынша келіссөз аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік хатшы Марко Рубио Женевадан кетіп, Украинаның бейбітшілік жоспары бойынша жоғары деңгейдегі кездесулерден кейін Вашингтонға оралды, деп хабарлайды BBC.

Марко Рубио
Фото: ТАСС

Рубио техникалық талқылаулар жалғасатынын айтып, «біз мақсатымызға өте қолайлы мерзімде, өте жақын арада жетеміз» деген пікір білдірді.

BBC-дің жазуынша, басқа АҚШ шенеуніктерінің Женевадан кеткені белгісіз, дегенмен Рубио бұған дейін америкалық тараптың «барлық деңгейдегі мамандары осы жұмыспен толық айналысып жатқанын» мәлімдеген.

Жексенбі күні Женевада өткен келіссөздерден кейін Рубио Украина шенеуніктерімен соғысты тоқтату жоспарын талқылауда «айтарлықтай ілгерілеушілік» болғанын мәлімдеді. Мемлекеттік хатшының айтуынша, бұл Дональд Трамп әкімшілігінің қаңтарда басталғаннан бергі Украина тарапымен болған ең нәтижелі кездесуі болды.

Қорытынды келісім Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің мақұлдауын талап етеді. CNN хабарлауынша, Ресей де жоспарды мақұлдауы керек.

Бұған дейін Швейцария астанасында Ұлыбритания, Франция, Германия, Украина және АҚШ өкілдері Ресей мен Украина арасындағы дағдарысты реттеу мәселелеріне қатысты келіссөздерді бастағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар