Швейцариядағы турнирде Бублик Шевченконы жеңіп, ширек финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-ракеткасы Александр Бублик Гштаад (Швейцария) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті.

Теннисист Александр Бублик вышел в финал турнира в Германии
Фото: ҰОК

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингіде 101-орындағы отандасы Александр Шевченкомен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Бублик 3:0 есебімен алға кетті. Сосын тағы бір брейкпен аяқтады – 6:2.

Екінші сетті керісінше Шевченко брейкпен бастады – 2:0. Бірақ Бублик сол бойда таразы басын теңестірді – 2:2. Содан кейін алға шығып, матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3.

Бір сағат 2 минутқа созылған бәсекеде А.Бублик 5 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Шевченко 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.

Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 74-ракеткасы, аргентиналық Франсиско Комесаньямен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстаннан теннистен АҚШ ашық чемпионатына кімдер қатысатыны белгілі болғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар