Швейцариялық Альпіде бес шаңғышы қаза тауып, біреуі із-түссіз жоғалды
АСТАНА. KAZINFORM — Құтқарушылар Маттерхорн ауданында қаза тапқан бес шаңғышының денесін тапты. Полиция із-түзсіз жоғалған деп танылған алтыншы шаңғышыны іздеп жатыр. Бұл туралы Euronews жазды.

Швейцарияның Альпі тауларынан Маттерхорн маңында демалыс күндері жоғалып кеткен алты шаңғышының бесеуінің денесі табылды. Полицияның мәліметінше, топ құрамында бір отбасының мүшелері де болған.
Шаңғышылар шаңғы тебуге 9 наурызда Церматт курорттық қаласынан шыққаны хабарланды. Бір сәтте байланыс кілт үзілген.
Іздестіру жұмыстары күн райының қолайсыздығына байланысты қиындық туғызып отыр.
«Құтқарушылар оқиға орнына біз анықтаған координаттар бойынша келді. Өкінішке қарай, өлген алты адамның бесеуін сол жерден таптық», — деді Вале кантоны аймақтық полициясының басшысы Кристиан Вароне.
Мәлім болғандай, құтқару тобы қазір алтыншы шаңғышыны іздеуді жалғастырып жатыр.