Шығанақ Берсиев еккен ақ тарының бір уысы ғана музейде сақтаулы

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Шығанақ Берсиевтің ақ тарысын табу қиын. Қазір Ақтөбенің Ойыл аудандық музейінді бір уыс тары сақталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақ тарының атасы Шығанақ Берсиевтің жеке заттары сақталмаған, музейге қойылмаған. Соғыс жылдарындағы орақ, диірмен ғана Шығанақ Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлкетану музейінде бар. Ал тарышының жеке дүниелері мүлде қалмаған екен.

«Шығанақ Берсиевтің шаруашылығында пайдаланған заттарды әкеліп, сол кездері тары өсіруге пайдаланған шаруашылық бұйымдарын көрмеге қойдық. Біздің музейде Ш.Берсиевтің бір уыс тарысы мен тары басуға арналған темір бұйым ғана бар. Осы екеуі біз үшін құнды»,- деді Шығанақ Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлкетану музейінің директоры Балқия Ырысбаева.

2 

Ойылдықтар Ақтөбе қаласының тұрғындарына тарыдан жасалған 15 түрлі тағам ұсынды. Олардың көбі ұмыт қалған ұлттық тағамдар.

«Зерттеулер тарыдан жасалатын 40-тан астам тағамның бар екенін анықтады. Біз оның 15 түрін біліп, жасап жүрміз. Мәселен, шырт-пырт деген бар. Жылқы қазысының майына жібітілетін тары да жақсы азық. Асқабаққа жаншылған тағы, қауынның қағына жаншылған тары деген түрін естігенбіз. Алдағы уақытта тарыдан жасалатын тағамдардың түрін арттырып, қолдануды жоспарлап жүрміз. Тіпті тарымен бәйгеге қосатын арғымақты баптаған. Ақ тарының атасы атанған Шығанақ Берсиевтің бұл еңбегі із-түзсіз жоғалып жойылып кеткен жоқ. Жергілікті шаруашар тары өсіріп жатыр. Кейбірі ақ тары еге бастады»,- деді Балқия Ырысбаева.

Ойыл ауданының тұрғындары жыл сайын Шығанақ Берсиевтің кесенесіне барып, тәу етіп тұрады.

3 

Соңғы жаңалықтар