Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің (ШАМЫК) делегациясы Астана қаласында өтетін 5-ші Еуразиялық KAZENERGY форумына қатысады

АСТАНА. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат. Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің хабарлауынша, Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің (ШАМЫК) делегациясы үстіміздегі жылғы 5-6 қазанда Астана қаласында өтетін 5-ші Еуразиялық KAZENERGY форумына қатысады. Делегацияны аталмыш беделді аймақтық ұйым Бас хатшысының орынбасары Халед бен Омар әл-Мархун бастап барады.
None
None

ШАМЫК-қа алты мұнай өндіруші мемлекет - Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Оман, Бахрейн және Қатар мүше болып табылады. 2008 жылы ортақ нарық құрған бұл алдыңғы қатарлы араб елдері экономикасының жалпы көлемі 715 миллиард АҚШ долларын құрайды. Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің жер қойнауында мұнай қорының дәлелденген 44%, табиғи газдың 16% шоғырланған.

Астанада өтетін алдымыздағы форум жұмысы барысында Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің өкілдері ғаламдық энергетикалық қатынастарды, сондай-ақ Еуразиялық мемлекеттердің мұнай-газ және энергетикалық нысандарын дамытуға байланысты мәселелерді талқылауға ниет білдіріп отыр.

Соңғы жаңалықтар