Шығыс Еуропа Халықаралық валюта қорының несиелері үшін кезекке тұрды

МӘСКЕУ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Жаһандық қаржы дағдарысы Шығыс Еуропа елдеріне бұған дейін болжалғаннан гөрі әлдеқайда ауыр тиді. Қазіргі уақытта кемі он шығысеуропалық мемлекет Халықаралық валюта қорымен (ХВҚ) одан миллиардтаған несиелер алу жайында келіссөздер жүргізуде,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

«Қаржылық көмек бөлу туралы өтінішпен түскен өтінімдер бойынша шешімдер барынша тез қабылданатын болады», - деді Халықаралық валюта қорына жақын дереккөз Handelsblatt. Экономикалық дағдарыс созыла түсуіне байланысты ХВҚ басшылығының басым мүшелері қордың қаржылық қолдау көрсету туралы өтінішін қанағаттандыруды қолдап отыр.

ХВҚ-ның қаржылық қолдауына жүгінген елдердің ішінде алғаш рет Болгария, Хорватия және Македония болып отыр. Сонымен қатар, қордың көмегін беруді жеделдетуге немесе оның мөлшерін арттыруға Украина, Сербия, Румыния, Беларус және Латвия үміт артады. Венгрия ХВҚ-дан ірі мөлшердегі ақшаны қажет   ететін-етпейтіні туралы шешімді әлі қабылдаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар