Шығыс Қазақстан мен Алматы қаласының бизнес форумында 12 млрд.-қа жуық теңгенің келісіміне қол қойылды

АЛМАТЫ. 11 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Алматыдағы күндері аясында өткен «Бизнес диалогы - аймақтарды дамыту серпілісі» бизнес форумында 12 миллиардқа жуық теңгенің келісіміне қол қойылды. Жалпы бұл сапар кезінде Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысындағы 10 кәсіпорын жалпы сомасы 15 млрд. теңгенің келісімін жасауға уағдаласып отыр.
None
None

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, 8 айдың қорытындысына қарағанда, өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 1761,1 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл 2012 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда өсім 107,3 пайызды құрайды. Ал ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өнім көлемі 112, 7 млрд. теңгені немесе 118,6 пайыз болып отыр. Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің республикадағы көлемінің 14 пайызы өндіріледі. Шығыс Қазақстан республикада сүт өндіруден - 1, ет өндіруден 2-орын алады. Сондай-ақ, экономикаға инвестиция тарту 20,7 пайызыға өсіп, 161,3 млрд. теңгені құрады. Құрылыс қарқыны да 20,4 пайызға артып, 105 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар