Шығыс Қазақстан облыстық сотында кадрлық өзгерістер болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміров облыстық соттың жаңа судьяларын таныстырды.
None
None

Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 мамырдағы №29 Жарлығымен Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары қызметіне Өскеменнің №2 қалалық сотының судьясы қызметінен босатылып Г. Әбдірахманова, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының сдьясы қызметінен босатылып М.Қадырова, Семейдің №2 қалалық сотының судьясы қызметінен босатылып Қалымова К, Өскеменнің №2 қалалық сотының судьясы қызметінен босатылып Н.Рахметуллина тағайындалды.

Облыстық соттың төрағасы Д.Әміров судьяларды жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, олардың жұмысына табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар