17:32, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы тағайындалды
АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Жоғарғы сот қадағалау алқасының төрағасы Анатолий Смолин Шығыс Қазақстан облысының сот корпусына жаңадан тағайындалған облыстық соттың төрағасы Мұхамеджан Пақырдиновты таныстырды,

деп хабарлайды ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.
М.Пақырдинов Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Бірлік кентінде 1950 жылы туған. 1973 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Прокуратура органдарында қызмет істеген. 2004 жылдан - Қарағанды облыстық сотының төрағасы.