Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
None
None
Құжатқа облыс әкімі Әділғазы Бергенов пен ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Мейрам Аюбаев қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Меморандумның негізгі мақсаты жергілікті атқару органдары, мекемелер және Шығыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан қылмыстық-атқару жүйесі бөлімшелері арасында, қылмыстық жазалау мен басқа да қылмыстық-құқықтық ықпалдарды орындау, сондай-ақ, сотталғандардың еңбекке тартылуын арттыру жөніндегі өз ара іс-қимылды жүзеге асыру. Еңбекке тарту жөніндегі тапсырманы орындау үшін, қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесі кәсіпорындарына тауар, жұмыс және қызмет түрлеріне тапсырыстар берілуі керек. Меморандумның тағы бір маңызды тұсы - «Еңбек-Өскемен» РМК-ның бөлімшелеріндегі өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, сондай-ақ, негізгі тауар түрлерін өндіру көлемін ұлғайту деп көрсетілген.Әкімдік өз кезегінде, сотталғандардың еңбекке тартылу санын арттыру мақсатында, «Еңбек-Өскемен» РМК-нің өндірістік бөлімшелері шығаратын өнімдерге мемлекеттік және басқа тапсырыстар қатарының мол болуына қолдау көрсетеді, сондай-ақ, «Еңбек-Өскемен» РМК-ның еңбек құралдарын жаңартуға және қайта техникалық жарақтануына көмек жасайды.
Соңғы жаңалықтар