Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты халықаралық «Сапа алтын тәжі» жүлдесіне ие болды

ӨСКЕМЕН. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты B.I.D. компаниясының халықаралық «Сапа алтын тәжі» жүлдесіне ие болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Сапа алтын тәжі» жүлдесін беруде компаниялардың өз саласындағы сапалы және өнікті жұмысымен қатар тұтынушылардың қанағаттануы, ұйымның тұрақты өсуі, қызметкерлер біліктілігін үнемі көтеріп отыру, ИСО 9000 және TQM (Total Quality Management) сапа жүйелерін қолдануы, кәсібилігі және көшбасшылық қасиеттері ескеріледі. Облыс әкімі аппаратының оған қол жеткізуі ? бірегей құбылыс. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі осындай сыйлыққа ие болған Қазақстандағы екінші ұйым. Бұған тынымсыз ізденістің арқасында қол жеткізілді. Шығыс Қазақстанның мемлекеттік органдары сапа менеджменті жүйесін енгізу және сертификаттауға әзірлік жұмыстарын «Қазақстандық сапа ұйымымен» бірлесіп жүргізді. 2007 жылғы желтоқсанда сертификаттау аудитінің нәтижесімен ШҚО әкімі аппаратына, 19 әкімдікке және 16 департамент пен басқармаға МС ИСО 9001:2000 сапа менеджменті талаптарына сәйкестігі сертификаттары тапсырылды. Бүгінде аймақта мемлекеттік органдардың 37 сайты ашылған, тұрғындар үшін күн сайын қолжетімді мың мемлекеттік электрондық қызмет көрсетіледі. Қоғамдық орындарда Интернет желісіне жалпы қолжетімді пункттер жұмыс істейді, мемлекеттік сатып алулар электрондық нұсқаға көшірілген, сондай-ақ виртуалдық кітапхана және виртуалдық мұражай және басқа да бірегей жобалар жүзеге асырылды.
Соңғы жаңалықтар