20:22, 17 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Шығыс Қазақстан облысы мен Қызылорда облысының әкімдері өзара ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойды
ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскемен қаласындағы «Алтай» технопаркінде Шығыс Қазақстан облысы мен Қызылорда облысының әкімдері Бердібек Сапарбаев пен Болатбек Қуандықов өзара ынтымақтастық туралы төрт келісімге қол қойды.

Қызылорда облысының әкімі Б.Қуандықов бүгін шығыс аймаққа оңтүстікқазақстанның үлкен делегациясын бастап келді. Делегация құрамында 138 адам, олардың арасында 18 ресми тұлға, алты кәсіпкер мен сегіз ардагер бар. Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында өткізіліп отырған сапарды қызылордалықтар Даңқ мемориалы мен Абай ескерткішіне тағзым етуден бастады. Одан кейін делегация мүшелері Шығыс Қазақстанның облыс орталығының сол жағалауында орналасқан этноауыл мен мұражайды аралап көрді. Түстен кейін қызылордалық қонақтар Өскеменнің «Казцинк», «АзияАвто», «УМЗ» секілді ірі кәсіпорындарына барды.