Шығыс Қазақстан облысына РФ Алтай өлкесінен делегация сапарлап келмек

ӨСКЕМЕН. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Дүйсенбі күні кешке Өскеменге РФ Алтай өлкесі губернаторының орынбасары бастаған Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің ресми делегациясы келмек.
None
None

Қазақстанның шығысына екі күндік сапарлары кезінде екі ел шекаралас аймақтары басшыларының екіжақты кездесулері өткізіліп, іскер топтардың бизнес-форумдары ұйымдастырылады.

Кәсіпкерлік департментінен хабарлағандай, бизнес-элиталардың жоспарланған іскерлік кездесулері барысында экономиканың нақты секторындағы байланыстарға қатысты бірнеше келісім мен келісім-шарттарға қол қойылмақ.

Соңғы жаңалықтар