Шығыс Қазақстан облысында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған жаңа мектептің ашылу салтанаты өтті

ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған жаңа мектептің ашылу салтанаты болды.
None
None

Салтанатты жиын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысқан Үржар ауданы Қарақол ауылдық округының әкімі Айбек Лебаевтың есеп беру кездесуі басталар алдында өтті.

Мектептің ашылу жиынына орай өткен салтанатты жиынға ауыл тұрғындары тегіс жиналды. Мектеп оқушылары концерт қойды, ал спорт залында өткен ашық дене тәрбиесі сабағында оныншы сынып оқушылары бөренелерде, шығырларда, белтемірлерде және арқандарда өз өнерлерін көрсетті.

Үш қабатты мектеп үйінің жалпы алаңы - 7,5 мың шаршы метр.

Соңғы жаңалықтар