Шығыс Қазақстан облысында 20 тонна күнбағыс тұқымы ұрланды
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 20 тонна күнбағыс тұқымы ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұрлық Шемонаиха ауданындағы ЖШС-нің бірінде болған. Полиция департаментіне 20 тонна қүнбағыс тұқымының ұрланғанын мекеме директоры хабарлаған. Тергеу барысында 25 және 27 жастағы екі азамат ұсталды.
«Қолға түскен азаматтар осы ЖШС-тің жұмысшылары екені белгілі болды.», - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта ұрланған заттың бір бөлігі табылды. Жұмысшылар өз кінәларын мойындады. Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.