Шығыс Қазақстан облысында ауыл оқушылары көз протезін жасады

None
Видеодан алынған кадр/ instagram.com/oqu_agartu_ministrligi
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауылының оқушылары көз протезін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурыз кездесулеріндегі ерекше жобалардың бірі – көз протезі. Жасанды көзді Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауылындағы №1 орта мектеп оқушылары ойлап тапқан. Дария Мұстафина мен Әмір Сайранов жобаларын Наурыз кездесулерінде Оқу-ағарту министріне таныстырды.

«Жасанды көзді үнді робототехнигі Канти Шарманың үлгісімен құрастырдық. Бұл жобаны жасауға өзіміздің сыныптасымыздың жағдайы түрткі болды», - дейді олар.

Оқушылар жобаны 2 айда жасап шыққан. Енді олар екінші көз протезін жасап, оның ми нейрондарымен байланысын зерттемек.

Айта кетейік, 15-17 наурыз аралығында заманауи ғылымның ең өзекті тақырыптарына арналған ғылыми жобалардың көктемгі байқауы өтіп жатыр. 150 жас ғалым жасанды интеллект, робототехника, машиналық ойлау және денсаулық сақтауды енгізу бойынша жүзден астам жобаны ұсынады.

Еліміздің барлық өңірлерінен 17 тірек ауыл мектебінің оқушылары өз жұмыстарын таныстырады. Олар 3D биопринтингке, ақылды протездер жасауға, биоинтерфейстерге және заманауи медицинаның басқа да өзекті басымдықтарына арналған.


Соңғы жаңалықтар
telegram