13:56, 18 Ақпан 2009 | GMT +5
Шығыс Қазақстан облысында аймақ экономикасын дамытудың ішкі резервтері талқыланды
ӨСКЕМЕН. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шағын және орта бизнесті қолдау аясында Шығыс Қазақстанда ағымдағы жылы кәсіпкерлік құрылымдарды әртараптандыру ісіне маңыз берілетін болады.
Облыстық қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік және өрнеркәсіп басқармаларының алқа мәжілісінде осы мәселелер сөз болды, өткен жылы атқарылған жұмыстар егжей-тегжей талқыланды және биылғы жылдың міндеттері белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алқа жұмысына облыс әкімі Әділғазы Бергенев қатысты. Алқа мәжілісінде атап көрсетілгендей, аймақта ішкі кірістердің орындалуы бойынша, оның ішінде жалпы көрсеткіш пен қаражаттардың түскен көздері бойынша, жүйелі мониторингілеу жұмысы жолға қойылған. Бюджеттің сапалы атқарылуы үшін жыл бойына 130-дан астам өзгертулер жасалды, 72 кіріс көзінің 35-і бойынша болжамның нақты орындалу режиміне келтірілді. Дегенмен, кірістер бойынша бюджеттің атқарылу көрсеткіштері (2007 жылмен салыстырғанда) төмендеп, былтыр бюджет 1,3 миллиард теңге салықты кем алды. Дейтұрғанмен, аймақтың даму қорытындысы, облыстың экономиканың даму қарқыны мен әлеуметтік көрсеткіштерін сақтай алғанын көрсетіп отыр. Жалпы аймақтық өнімнің көлемі 2008 жылдың қорытындысы бойынша 18 пайызға артып, нақты көлем индексі 101 пайызды құрады, ал негізгі капиталға салынған инвестициялар 5,9 пайызға өсті. Шағын және орта бизнестердің өнімдер шығару көрсеткіші 12,5 пайызға артты. 16 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Дегенмен, дағдарыстың аймақ экономикасына, нақтырақ айтқанда, аймақтың кейбір салаларына әсер етпей қоймағанын айта кету керек, белгілі бір экономикалық іркілістер пайда болып отыр. Сондықтан да, инновациялық технологияларды енгізу мен аймаққа салынатын инвестициялардың көлемін арттыру мәселесі ерекше өзектілікке ие болып отыр, деді мәжіліске қатысушылар. Алқалы отырыста атап көрсетілгендей, аймақ әкімшілігі шағын және орта бизнеске белсенді қолдау көрсетуді, сондай-ақ бүкіл облыс экономикасын дамытудың орнықты негізін жасауды мақсат етіп отыр.