02:52, 31 Наурыз 2015 | GMT +5
Шығыс Қазақстан облысында бірқатар жолдарда қозғалыс шектелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының нашарлауына байланысты Шығыс Қазақстан облысында «Үлкен Нарын-Күршім» тас жолының 96-135 шақырымы аралығы; «Күршім-Қалжыр» автожолының 0-131 шақырымы аралығы; «Күршім-Қалжыр» - Ақ Бұлақ-Қараой-Аршалы тасжолының 0-98 шақырым аралығында барлық автокөлік түрлері үшін жол жабылды.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТАД баспасөз қызметі хабарлады.