16:01, 02 Қаңтар 2010 | GMT +5
Шығыс Қазақстан облысында екі автожолда көлік қозғалысы жабылды
АСТАНА. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында екі автожолда көлік қозғалысы жабылды. Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Жол қозғалысы қаңтардың 1-і күні сағат 19:40-та «Өскемен-Зырянов» және «Өскемен-Шемонаиха» автожолдарында қалың қар жауып, жолдың көрінуі нашарлауына байланысты жабылған.