Шығыс Қазақстан облысында теміржолдағы өрт сөндірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында теміржолда болған өрт сөндірілді. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 10 шілде күні кешке Жаңғызтөбе стансасында болған. Тілсіз жау кесілген ағаш материалдары тиелген үш жүк вагонын шарпыған, олардың көлемі 270 шаршы метрді қамтыды.
None
None

«Өрт сөндірушілер келгенше, басқа вагондар ағытылып, қауіпсіз қашықтыққа көшірілді. Өртке қарсы қызмет те дер кезінде жетіп үлгерді. Оларға өрт сөндіру пойызын көмекке шақырған теміржол қызметкерлері де қосылды. Біріктірілген күштің арқасында тілсіз жау ауыздықталды, алайда,  мұндай өртті толық сөндіру күрделі жұмыс. Зардап шеккендер жоқ», - делінген ТЖД хабарламасында. 

Соңғы жаңалықтар