Шығыс Қазақстан облысында тепловоз өртенді

АСТАНА.  Шілденің  15-і. ҚазАқпарат -  Шығыс Қазақстан  облысында көмір тиелген 45 вагоны бар   тепловоз өртенді, 
None
None

деп  хабарлайды ҚазАқпарат   Төтенше жағдайлар   министрлігінің баспасөз қызметіне  сілтеме   жасап.

Шілденің 14-інде    күндізгі сағат 2-лерде Шар қаласындағы    теміржол өткелінің  23 шақырымында  тепловоз  өртенді.   Өскеменге        бағыт алған тепловоз    көмір тиелген 45 вагонды сүйреп   бара жатқан.

Оқиға салдарынан  ешкім зардап шеккен жоқ.   Пойыздардың  қозғалысы да  үзілген жоқ.    Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің  өрт сөндіру  қызметінің күшімен  өрт сағат 16.05-те  сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар