Шығыс Қазақстан облысында ядролық сынақ құрбандарына монумент ашылады

СЕМЕЙ. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Маусымның 29-ында Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданының орталығы - Қайнар ауылында Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына арналған монумент ашылады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайнар ауылы Семей ядролық сынақ полигоны кіндігіне ең жақын орналасқан елді мекен. Ауыл халқы 40 жыл ішінде жүргізілген 456 жарылыстан едәуір зардап шекті.

Бүкіл әлем жұртшылығы сияқты, ауыл тұрғындары да Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тамыздың 29-ын Жаппай қырып-жоятын қарулардан бас тарту күні деп жариялау туралы бастамасын қолдайды, бұдан 18 жыл бұрын бұл күні ҚР Президентінің Жарлығымен полигон жабылған болатын. Қайнарлықтар ядролық сынақтар құрбандарын еске түсіруге арналған монументті осы атаулы күнге арнап отыр.

Жаңа ескерткішті салу «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының қаржысына жүргізілуде.   

Соңғы жаңалықтар