Шығыс Қазақстан облысында жылдың қорытындысы бойынша тұтынушылар бағасы 7, 1 пайызға өсті

ӨСКЕМЕН. 6 қаңтар. ҚазАқпарат  /Людмила Малько/ - 2011 жылдың қорытындысы бойынша  Шығыс Қазақстан облысында тұтынушылар бағасының индексі 107, 1 пайызды құрады,
None
None

деп хабарлады облыстың баға статистикасы  департаментінің басқармасы.

 Облыста тұтынушылар базарында азық-түлік тауарлар 9, 5 пайызға, тағамдық емес өнімдер - 5, 3 пайызға және халыққа қызмет көрсету 5, 9 пайызға қымбаттады.

 Осылайша 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында азық-түлік тауар бағасы қымбаттап, жалпы қымбаттаудағы 7, 1 пайыздың ішінен инфляцияға 3, 7 пайыз  үлес қосты.
 Тағамдық емес тауарлар бағасы және халыққа ақылы көрсетілетін қызметтердің тарифтері тұтынушылардың индексіне 1, 7 пайыз (немесе 23. 9 пайыз) үлес қосты. 

Соңғы жаңалықтар