Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Индустрияландыру картасына қосымша 12 инвестициялық жоба ұсынып отыр

nbsp; Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпан айындағы қорытынды мәжілісінде Елбасы Жолдауының міндеттері аясындағы аймақтық индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының орындалу барысы талданды.
None
None

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Шәкәрім Бүктүгітовтың айтуынша, 2009 жылы жалпы сомасы 6646,1 миллион теңгенің 32 бағдарлама жобасы іске қосылды, солардың арқасында 487 жаңа жұмыс орны құрылды.

Ағымдағы жылы жалпы сомасы 1818 миллион теңгенің 18 жобасы жүзеге асырылу сатысында (Индустрияландыру картасынан кірген жобалардан басқа), бұл жобалар қосымша 264 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оған қоса Жоғары технологиялар аумағын құру тұжырымдамасының жобасы әзірленіп, мақұлданды.

Қазіргі таңда Индустрия және сауда министрлігіне Индустрияландыру картасына қосу мақсатында жалпы құны 19,3 миллиард теңгенің 12 инвестициялық жобасынан тұратын қосымша тізбе жолданып отыр, бұл жобалар тағы 716 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, деп хабарлады Ш.Бүктүгітов.

Соңғы жаңалықтар