Шығыс Қазақстан облысының әкімі Үржар ауданында егін шығымдылығының төмендігіне алаңдап отыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жергілікті халықпен кездесердің алдында әкім Жол картасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Атап айтқанда, Мақаншы ауылында 11 әлеуметттік нысанда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал Таскескен ауылында медициналық бірлестік нысандарын жөндеуге 3,5 миллион теңге жетпей отыр. Оған қоса, жабдықтарды жаңарту керек, ең болмағанда, рентген аппаратын алу қажет. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығына жабдықтау мәселелерін шешу туралы тапсырма берілді.
Науалы ауданында жұмыстар белсенді жүріп жатыр, онда жергілікті су құбыры жаңартылуда. Оны ағымдағы жылдың қазан айында іске қосу жоспарланып отыр. Бұл ауылда сондай-ақ былтыр дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өткізілген болатын, ал биыл кәріздік және су жүйелері жөнделуде, аулалар абаттандырылуда.
Үржар ауданының келешегін талқылау кезде аймақ басшысы төрт негізгі мәселені көтерді, атап айтқанда: егістік аумақтары неліктен тарылып барады, тұқым шаруашылығы мен малды асылдандыру ісі неге дамытылмайды, шаруашылықтар неге іріленбей жатыр деген сауалдарды қойды. Аталған себептердің барлығы егіннің төмен шығымдылығына әсер етіп отырғаны баса атап көрсетілді. Кездесулерде аталған мәселелердің барлығын тезірек шешу қажеттілігі айтылды.