11:34, 28 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Шығыс Қазақстан облысының дихандары ашық күндерді пайдаланып, егін орағын жалғастыруда
СЕМЕЙ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында бүгінгі жағдай бойынша, астықтың жалпы өнімі 18,7 мың тоннаны құрап отыр.
Астықтың орташа шығымы 9,5 центнер/гектарды құрайды.
Ауданның жетекші «Әйгерім», «Лана», «Дружба», «Рамодан» шаруа қожалықтарында астықтың шығымы - жалпы аудандық көрсеткіштен 1 центнерге жоғары.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметтері бойынша, қыркүйектің үшінші онкүндігінің басында Бесқарағайда 240 гектардың көкөнісі жиналды. Көкөністің орташа шығымы 140 центнерге тең. Ал картоптың орташа шығымы 110 центнер/гектарды құрап отыр.