Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі алғашқы кеңесін өткізді

СЕМЕЙ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмысының алғашқы күні қалалар мен аудандардың әкімдерімен және салалық басқармалардың бастықтарымен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Кеңесте аймақты дамытудың ағымдағы мәселелері талқыланды. Облыс әкімі ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің тапсырмаларын орындау мен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусиннің кеше облыс активінің жиналысында айтқан ескертпелерін жою басым міндеттер екенін атап өтті. Аймақ басшысы Шығыс Қазақстан мемлекеттік қызметкерлерінің орындаушылық тәртібі мен ар-намыс кодексін сақтауын жеке бақылауына алды. Барлық деңгейдегі басшылар дағдарысқа қарсы бағдарламадағы халықтың жұмыстан қысқаруына, өнім шығару көлемінің азаюына жол бермеу, кәсіпорындар қол қойған меморандумдар шарттарын орындауды көздейтін шаралардың тиісмділігін қамтамасыз етуге өз күш-жігерлерін жұмылдыруы қажет. Арзандатылған бағамен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін демалыс күндері өткізу жалғастырылатын болады, тағы бір маңызды бағыт ? инфляцияның өсуіне және коммуналдық қызмет тарифтерінің көтерілуіне жол бермеу. Облыс әкімі мемлекеттік даму институттарындағы аймақтың агроөнеркәсіптік кешені, шағын және орта бизнесі инвестициялық жобаларын ілгері жылжытуға айрықша назар аударды. Бердібек Сапарбаев тиісті құрылымдардың басшыларына қалалар мен аудандар бюджетіндегі шығындарды қысқарту жағына қарай өзгерту, әртүрлі деңгейдегі салық және бюджетке міндетті басқа да төлемдердің болжамдық көрсеткіштерін орындауға, көктемгі далалық жұмыстарға даярлануға қатысты өзінің тапсырмаларын орындауға апталық мерзім берді. Аймақ басшысы «100 мектеп, 100 аурухана» құрылыс бағдарламасы бойынша бюджеттік қаржаттарды игеруге, жұмыссыздыққа, соның ішінде тіркелген ғана емес, жасырын жұмыссыздыққа апта сайын мониторинг жүргізіп отыруға кеңеске қатысушылардың айрықша назарын аударды.
Соңғы жаңалықтар