Шығыс Қазақстан өңірі Ресейге ет жеткізуге әзір

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы ірі қара малдың етін Ресейге жеткізуге дайындалып жатыр, деп хабарлады ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсембай Селиханов облыстың ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында.
None
None

«Облыста еттің экспорттық әлеуетін арттыру бойынша жұмыстар жасалып жатыр, - деді Д.Селиханов. - Алайда қазір ет өнімі бәсекеге қабілетті емес. Мұның екі себебі бар - шекара маңындағы шаруаларда сататын ірі қара мал бар, сондықтан ет жеткілікті, екіншісі рубль бағамының өзгеруі». Алайда басқарма басшысы айтқандай, жыл соңына қарай қазақстандық етке деген сұраныс артып, экспорт көлемі ұлғаяды.

Соңғы жаңалықтар