09:13, 15 Шілде 2009 | GMT +5
Шығыс Қазақстан: Шар қаласындағы кітапханаға кітаптар алуға 4,5 миллион теңге бөлінді
СЕМЕЙ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат - /Лина Славина/ - Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласының кітапхана қоры жылдың басынан бері 6,5 мыңнан астам кітаппен толықты.

Жарма аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылы жаңа кітаптар алуға жергілікті бюджеттен 4 миллион 500 мың теңге бөлінген.
Жаңадан алынған кітаптардың ішінде - Абайдың, Мұхтар Әуезовтың, Әзілхан Нұршайықовтың, басқа да көптеген қазақстандық жазушылар мен әлем әдебиеті классиктерінің туындылары бар. Кітапхана оқырмандары сондай-ақ, психология, экономика, құқықтану бойынша анықтама материалдарға да қол жеткізе алатын болды. Балаларға арналған әдебиеттердің тізімі де анағұрлым кеңейіп отыр.