Шығыс Қазақстан жұртшылығы Қазақстанның демократиялық күштерінің жалпыұлттық коалициясын құру бастамасына қолдау білдірд

Митингті облыстық мәслихаттың хатшысы Василий Ахаев пен облыстық қоғам өкілдері кеңесінің төрағасы Владимир Лопаткин өз сөздерімен ашты.
Бұдан бұрын хабарлағандай, 12 қаңтарда «Нұр Отан» партиясы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту бастамасы бойынша референдум өткізу үшін «Қазақстан - 2020» демократиялық күштер коалициясын құру туралы бастама көтерген болатын.
Ал бүгін Астанада ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екі оқылымда талқылап, Парламент Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Президенттің өкілеттігін ұзарту жөніндегі республикалық референдум өткізу мүмкіндігі қарастырылған түзетулерді бірауыздан қабылдады.
Митингте Шығыс Қазақстан жұртшылығының атынан сөз сөйлеген «Руханият» партиясының облыстық филиалының жетекшісі Бағдат Есдәулетов, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ның инженер-металлургі Дмитрий Красиков, «Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық палатасының аймақтық филиалының басшысы Арман Құрманғалиев, танымал ақын Аслан Ғафуров, татар орталығының жетекшісі Ғабдулхай Ишмуратовтар, саяси тұрақтылық пен экономикалық дамудың арқасында еліміздің үлкен-үлкен міндеттерді шешіп, жаңа асуларды бағындырып отырғанын атап көрсетті. Елбасы дұрыс таңдаған және халық қолдаған бағыт Қазақстанға халықаралық қоғамдастықтың құрметіне ие болуға мүмкіндік беріп отыр, деді олар.