Шығыс Қазақстанда 167 мектепке күрделі жөндеу керек

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы 167 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Өңір бойынша барлығы 350 мектеп бар. Бүгінде оның ішіндегі ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталған 204 мектеп жаңа оқу жылына дайын тұр.

Қалған білім ордаларында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұл туралы ШҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Махсұтова мәлім етті.

«Ал күрделі жөндеуді облыстағы 167 мектеп қажет етеді. Алайда олардың тек 73-і ғана жөндеуден өтуде. Қалған мектептер үшін әлі қаражат қарастырылмаған. Балалардың кәуіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі де басты назарда. 153 мектепке турникеттер қойылған. Шағын және арнаулы мектептерде оқушылар санына сәйкес нормативтік құжаттарға сәйкес турникет орнату талап етілмейді», - дейді ол.

Кейбір оқу орындары балалар толыққанды білім алуы үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмеген.

Мәселен, 49 мектепте спорт залы, 36 мектепте асхана, 179 мектепте физика, 167 мектепте химия, 181 мектепте биология пәндері кабинеттері жоқ.

«Білім ордаларындағы ғаламтор жылдамдығы әр түрлі. 23 мектепте әлсіз (секундына 4 Мбиттен төмен), 186 мектепте орташа (секундына 4-10 Мбит), 141 мектепте орташадан жоғары (секундына 10-20 Мбит) жылдамдық», - дейді З.Махсұтова.


Соңғы жаңалықтар