Шығыс Қазақстанда 7 модульдік полиция бекеті ашылады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 7 модульдік стационарлық полиция бекеті бой көтермек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Өскемен қаласында жаңа модульдік полиция бекеті ашылды. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жергілікті полиция қызметін «Полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидаты бойынша реформалау тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр.

«Аталған бекеттерде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтап, аумақты патрульдеп, азаматтарды қабылдау үшін тәулік бойы кезекшілік атқаратын болады. Бұл жұртшылыққа кез келген уақытта көмекке жүгінуге немесе толғандырған сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік береді», - деді департамент бастығы Сағат Мәдиев.

Жалпы облыс бойынша 7 модульдік стационарлық полиция бекетін ашу жоспарланған. Оның бесеуі Өскеменде, екеуі Семейде орналаспақ.


Соңғы жаңалықтар