Шығыс Қазақстанда әлеуметтік аз қамтылған 50 отбасына көмек көрсетілді

ӨСКЕМЕН.ҚазАқпарат - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық қан орталығында Шығыс Қазақстандағы Қызыл жарты ай қоғамының өкілдері басқа да ерікті тұлғалармен бірлесіп «Алақай, демалыс!» акциясын өткізді. Шара аясында өңірдегі 50 әлеметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасына азық-түлік пен киім-кешек берілді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Жеке кәсіпкерлер отбасыларға 420 келі азық-түлік - ұн, жарма, шәй және балаларға арналған тәттілерді жеткізді.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері де осы шарадан тыс қалмады. Тәртіп сақшылары 250 мың теңге көлеміндегі 500 қайырымдылық купондарын балаларға сыйға тартты.

«Жиналған қаржы балалардың жазғы киімдерін, жөргектері мен басқа да жуу құралдарын алуға септігін тигізді», - деді Қызыл жарты ай қоғамы бөлімшесінің директоры Арайлым Әбілғалымова.

Мұндай қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасатын болады деп атап өтті полиция өкілдері. 

Соңғы жаңалықтар