Шығыс Қазақстанда ана мен бала өлімі азаймай отыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда ана мен бала өлімі республикалық жалпы көрсеткіштен жоғары. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов «Нұр Отан» паритясы филиалында өткен мәжілісте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Партия өкілдерінің алдында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының нәтижелерін баяндаған басқарма басшысы ана мен бала өлімін азайту индикаторы орындалмағанын мойындады.

Бағдарлама индикаторында сәби мен ана өлімі биыл 1000 балаға шаққанда 7,19 болуы тиіс екен. Ал нақты нәтиже - 7,6. Бұл тіпті республикалық ортақ көрсеткіштен 0,4 фактіге артық.

«Келеңсіздіктің себебін зерттеп көрдік. Ана өлімінің негізгі себептері - қан кету мен сепсис. Бала өлімінің себепкері - тыныс жолдарындағы ақаулар мен қантамыр жүйесінің туабітті ақаулары. Биыл ғана жаңа туған сәбилердің арасында аталмыш дерттердің 43 жағдайы тіркелді» - деді Марат Шоранов. 

Басқарма өкілі Алтай және Аягөз аудандарында ашылған инсульт орталықтары жағдайды жақсартуы мүмкін деген пікір айтты. Аталмыш орталықтар шалғайдағы аудандарға да қызмет көрсетуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар