Шығыс Қазақстанда барлық бағыттағы жолдар ашылды

ӨСКЕМЕН. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Кеше кешке жайсыз ауа райының салдарынан жабылған Өскемен- Алматы және Омбы-Майқапшағай күре жолдары бойынша қозғалыс бүгін таңертең қайта ашылды.
None
None
Бұрқасынның салдарынан Өскемен-Георгиевка және Көкпекті учаскелерінде көліктердің жүруі мүмкін болмай қалған еді, хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін таңертең аймақта қайта қар жауа бастады, синоптиктер желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, кей жерлерде 17-22 метрге дейін күшейеді деп болжап отыр. Ауа температурасы кешке қарай 16-21 градус аязды шамалайды. Сондықтан да, алдағы тәулікте сыртқы жолдар бойынша көлік қозғалыстары әлі де үйлестіріледі деуге барлық негіз бар, дейді мамандар.
Соңғы жаңалықтар