11:27, 14 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Шығыс Қазақстанда барымташылар ұсталды
ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Аягөз ауданының полицейлері барымташылар айдап әкеткен екі үйір жылқыны аман алып қалды. Ұсталған мал ұрлаушылардың бірі - қарағандылық 42 жастағы азамат болып шықты, екіншісі қашып кетті.

Бұл оқиға өткен жексенбі күні басталған болатын. Полицияға шағымданған Малкелді ауылының тұрғыны, Орта-қора жайылымынан оның 15 жылқысын белгісіз біреулердің айдап кеткенін хабарлайды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын тексеріп жатқан кезде, кезекшілік бөлімге ауылдың тағы бір тұрғыны хабарласып, Еңке жайылымынан оның 17 жылқысын белгісіз біреулердің айдап әкеткенін жеткізеді. Полицейлер қылмыстың ізін суытпай, барымташылардың соңына түсіп, жылқыларды құтқарып қалады.
Қазір полицейлер екінші барымташыны іздестіруде және оны ұстау үшін барлық шараны қабылдауда.