Шығыс Қазақстанда боран болады - Қазгидромет

ӨСКЕМЕН. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Ақпанның 4-і мен 6-сы аралығында Шығыс Қазақстан бойынша жайсыз ауа райы туралы ескерту жарияланып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазгидрометтің» мәліметі бойынша, өңірде қар жауып, боран болады, кей жерлерде секундына 17-25 метр жылдамдықпен жел тұрады. Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде және халықты жолдарда абай болуға, алыс жолға шықпауға шақыруда. Төтенше жағдайлар орын ала қалғанда, мына телефондарға -«01», «051» және 73220 26-88-26 - қоңырау шалуға кеңес берілді.
Соңғы жаңалықтар