10:53, 14 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Шығыс Қазақстанда дала өрті сөндірілді, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ - ТЖМ
АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Бескөл және Қарағайлы селолық округтерінде тіркелген дала өрті сейсенбі, қыркүйектің 14-інде таңғы сағат 6-ларда ауыздықталды. Ресей шекарасынан бері қарай 30 шақырымдай жерге созылған өрт ошағы сөндірілді. Өрт салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жедел ақпараттар бойынша, өрт жалмап өткен аудан 45 гектарды құрап отыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.
Өртті ауыздықтауға Шығыс Қазақстан Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары, «Семей орманы» резерваты мен Ресейдің Степномихайловский орман шаруашылығының қызметкерлері жұмылдырылды.