Шығыс Қазақстанда электр энергиясы үшін дифференциалды тариф енгізу бір айға ысырылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Компаниядағылардың түсіндіруінше, шешімін таппай отырған бірқатар мәселелер бар, атап айтқанда, стандарт бойынша газбен жабдықтау қарастырылған, бірақ бірнеше жылдан бері газсыз отырған және енді газ болмайтын үйлердің санаттары туралы мәселе ашық қалып отыр.
Тұтынылған электр қуаты үшін жасалатын төлем тікелей байланысты тағы бір мәселе - нақты мекен-жай бойынша тіркелген тұлғалардың саны. Қазіргі уақытта осындай мәлімет жинау жұмыстары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, атқарушы билік пен Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аймақтық басқармасы 1 адамға айлық 90 кВт/сағат лимит бекітті. Жұмсалатын электр энергиясының орташа деңгейі: кімде-кім электр жылытқышты пайдаланбайтын болса, онда ол айына 70 кВт-қа төлейді, ал аталған электр құралдарын пайдаланушылар айына 90 кВт-қа ақы төлейді. Бекітілген норма бойынша 1 кВт-қа 6,15 теңге, ал нормадан асса - 1 кВт үшін 7,38 теңге төлейді.