20:14, 27 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Шығыс Қазақстанда ер адам өз-өзін жарып жіберді
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні кешкісін Шығыс Қазақстан облысы Глубокий ауданына қарасты Белоусовка кентінің 35 жастағы тұрғыны суицид жасап, өз-өзін жарып жіберді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қаза болған азаматтың денесін «Эдельвейс» дүкеніне жақын жерден бейтаныс адамдар тауып алған.
Облыстық ішкі істер департаменті жан түршігерлік оқиғаға қатысты ресми ақпарат берді.
«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-інші бабы («Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жүруде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, соның ішінде қаза тапқан азаматтың психикалық денсаулығына қатысты », - деп мәлім етті облыстық ішкі істер департаментінен.
Мұнымен бір мезгілде, әлеуметтік желілерде азамат бұл әрекеті арқылы жақындарын жазаламақ болғаны және өзін белгісіз затпен жарып жібергені туралы расталмаған ақпараттар тарауда. Сондай-ақ ер адам әйелімен бірнеше рет ажырасқандығы жазылуда.