12:36, 11 Қаңтар 2010 | GMT +5
Шығыс Қазақстанда қар құрсауынан 7 адам құтқарылды, олардың ішінде екі жедел жәрдем бригадасы бар
ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өткен тәулікте «Семей-Алматы» тас жолында Шығыс Қазақстан құтқарушылары 7 адамды қар құрсауынан құтқарды, олардың ішінде екі жедел жәрдем бригадасы және Бұқтарма су қоймасындағы демалыс базасының қарауылы бар,

деп хабарлады төтенше жағдайлар ведомствосынан.
Жедел жәрдемнің екі көлігі (6 адам) жолдан шығып қалған. Оқиға орнына келген құтқарушылар көліктерді тартып, жолға шығарды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Аймақта бүгін аяздың беті қайтып, боран басылды. Жел оңтүстіктен соғуда, ауа температурасы минус 42 градустан 19-24 градусқа дейін көтерілуде. Таулы аудандарда қар көшкіні қаупі сақталуда.