Шығыс Қазақстанда өрт қауіпсіздігі бұзылған жер үйлер аз емес – Марат Күлдіков

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы жер үйлерде өрт қауіпсіздігін бұзудың 17 мыңнан астам фактісі анықталды. Бұл туралы бүгін өңір жұртшығымен кездескен ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазан айында жылыту маусымы басталған. Содан бері ШҚО құтқарушылары жер үйлерге тексеру жүргізіп жатыр. Олар азаматтарға әдістемелік көмек көрсетуде, атап айтқанда пешті, электр жабдықтарын пайдалану, газ жабдықтары мен баллондарды сақтау туралы ақыл-кеңес беріп жатыр. Профилактикалық шаралар жылыту маусымының соңына дейін жүргізіледі», - деді Марат Күлдіков.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін облыстық ТЖД қызметкерлері 78 мыңнан астам үйді аралап шыққан.

«Соның нәтижесінде, өрт қауіпсіздігін бұзудың 17 мыңнан астам фактісі анықталды. Оның 3 мыңнан астамы сол жерде түзетілді. Қалған кемшіліктер бойынша үй иелеріне тиісті ұсынымдар берілді», - деді ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі.

Өз сөзінде ол әкімдікпен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, мұқтаж отбасылардың үйіне өрт шыққанын айтып, дабыл қағатын датчикті орнатудың маңызы зор екенін жеткізді.

Шығыс Қазақстандағы үйлерге осындай 2 340 датчик орнатылған.


Соңғы жаңалықтар
telegram