Шығыс Қазақстанда шағын футболдан әуесқойлар ойындары өтуде

«16 сәуірде басталған жарыстың бірінші айналымының шешуші ойындары өтуде. Командалар жоғары және бірінші лига болып екі топқа бөлінген. Жоғары лигада 8 команда ойнаса, бірінші лига құрамында - 10 команда. Жарысқа 450-ге жуық спортшы қатысуда», - делінген таратылған хабарламада.
Айта кету керек, жоғары лигада жақсы ойын көрсетіп, көзге түскен «СМУ-Алтай» және «Батыр» командалары алда келе жатыр. Бірінші лигадан «Қайрат» командасы алдыңғы қатардан көрінуде.
Бұған қоса, жуықта Астана күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында футболдан Біріншілік өтті. Нәтижесінде, «Өскемен-1» командасы - І орын, «Семей» командасы - ІІ орын, «Өскемен-2» командасы ІІІ орын алды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.