Шығыс Қазақстанда ҰБТ-да ең жоғары баллды өскемендік түлек жинады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемендік түлектер өткен жылмен салыстырғанда биылғы ҰБТ-да үздік нәтижелер көрсетті. Осы жылы қала бойынша орташа ұпай - 85,26 балл болса, 2013 жылы 80,57 балл болған еді. Ең жоғары орташа балл №4 мектеп-лицейінде - ол 105,4 баллды құрады, деп хабарлады қалалық білім бөлімінен.
None
None

Қала бойынша ғана емес, облыс бойынша ең жоғары 124 баллды Өскеменнің №16 мектеп-лицейінің түлегі Сая Сержанқызы көрсетті. ҰБТ-ға жалпы қатысушылардың санынан түлектердің 25 пайызы - 253 мектеп бітіруші 100 және одан жоғары балл жинады. 26 түлек (2,5 пайызы) «екі» алды. Сонымен, осы жылы ҰБТ-ға 1567 түлектің 1006-сы қатысты. Ол жалпы түлектер санының 64 пайызын құрайды. 432 түлек дәстүрлі емтихан тапсырды, оның 19-ы -халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары. Ал 129-ы денсаулық жағдайы бойынша қорытынды сынақтан босатылды. «Алтын белгі» аттестатын алу құқығына үміткерлердің жартысы (65 оқушыдан 36-сы) ғана ие болды. Үздік аттестатты 29 түлек иемденді. Атап айтқанда, өз білімдерін тек 10 оқушы ғана растай алды. Олардың үшеуі халықаралық конкурстар жеңімпаздарының тізіміне енген, ал «Алтын белгіге» үміткер 7 адамның әрқайсысы 1 ұпайдан жинай алмай қалды. Сондай-ақ халықаралық олимпиадалар мен конкурстар тізіміне қаланың алты мектебінен 19 түлек енді. Олар ҰБТ тапсырудан босатылып, әдеттегі емтиханға қатысты.

Соңғы жаңалықтар