Шығыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты, бесеуі ауруханаға жеткізілді

None
None
АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында, «Өскемен-Алматы» тас жолының 38-ші шақырымында 5 шілде күні сағат 16:40-та «Мерседес» және «ВАЗ» автокөліктері соқтығысып қалды.

 Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

 Жол-көлік оқиғасының салдарынан «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушылары: 23 жастағы екі әйел, 31 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды; «Мерседестің» 30 жастағы жүргізушісі мен оның жолаушылары - 37,33 жастағы әйелдер, 7 және 2 жасар балалар түрлі жарақатттармен ауруханаға жеткізілді.

 ТЖ-ды жоюға ҚР ТЖМ-нің көліктік медициналық-құтқару бекетінің 9 адамы мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар